Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында «Тиімді ғылыми жазба» тақырыбында семинар өтті, оның барысында ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің талдаушысы Эльмира Құлтанова қатысушыларға кез келген зерттеушінің жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын тиімді ғылыми жазбаның негізгі аспектілері туралы айтып берді.
Ол тақырыпты таңдау критерийлеріне тоқталып, тақырыпты дұрыс таңдау - табысты ғылыми жарияланымның кепілі екенін айтып, сондай-ақ жариялауға дайындықтың негізгі кезеңдерімен, ғылыми мақаланың құрылымымен таныстырды.
Семинарға қатысушыларға ғылыми мақала жазу бойынша ұсыныстар берілді, олардың негізінде рецензияланатын журналға сапалы ғылыми мақала жазуға болады. Нысаналы журналды және редакциялық саясатты таңдау, мақаланы жариялау және дәйексөз келтіру, кең аудиторияға ұсынылған зерттеу нәтижелері туралы пікірталастар мен конференцияларға қатысу, зерттеуді жалғастыру және таңдалған салада жариялау мәселелері талқыланды.
Ғылым үнемі алға жылжу екенін есте ұстаған жөн. Ғылыми қоғамдастыққа үлес қосу - бұл Сіздің жұмысыңыздың маңызды бөлігі.