Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ дәрігерлері күрделі операция жасап, 64 жастағы пациент жаңа, дені сау өмір сүруге мүмкіндік алды. Үдемелі жүрек қызметінің жеткіліксіздігі (шығарым фракциясы тек 27% ғана) және жүректің негізгі тамыры - сол жақ коронарлық артерия діңі ауыр зақымдануы, бұл күрделі операцияны қажет етті.
Пациент жоғары хирургиялық қауіп тобына жатады (қолқа коронарлық шунттау үшін), сондықтан басқа тактика қажет болды. Институттың мамандары оның өмірін сақтап қалу үшін жаңа әдіс бойынша операция жасауға шешім қабылдады.
Дәрігерлер бірегей техниканы қолданды. Стандартты операцияның орнына науқасқа клиникада алғаш рет экстракорпоралды мембраналық оттегін - сыртқы көмекші қан айналымы құрылғысын (ЭКМО) қолдануымен ота жасалды.
Бастапқыда вено-артериялық экстракорпоральды мембраналық оксигенация қамтамасыз ету процедурасын бастау үшін сан артериясы мен венаға канюля орнатылды. Осы сәттен бастап қан айдау және өкпеде газ алмасуға аппарат қосылды. Науқастың қаны оксигенаторға түсіп, оттегімен қанықты және ағзаға қайта оралды. Осы уақыт ішінде ағзаның өмірлік қолдау процесі анестезиолог-реаниматологтардың бақылауында болды. Келесі кезеңде интервенциялық кардиологтар сол жақ коронарлық артерияның діңіне және оның тармағына стент орнатты, бұл оның жұмысын қолдап тұруға және жүрекке қан ағымын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Операция аяқталғаннан кейін науқас операция үстелінде ЭКMO және өкпенің жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылды.
Енді ол толық қалпына келу жолында және жақындарымен кездесуді асыға күтуде. Отбасымен көбірек уақыт өткізу жаңа жоспарлары бар. Бұл жүрекке пайдалы.
Операция кезінде пациенттің өмірі үлкен кәсіби және білікті команданың қолында болды, олар: рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесников, интервенциялық кардиологтар Алмат Қалжанов және Арыстан Кужукеев, анестезиологиялық қызметтің жетекшісі Михаил Воронцов, жансақтау бөлімшесінің меңгеруші Данияр Қанапьянов және анестезиолог-реаниматолог дәрігер Артем Никитенко.