Мақсаты: Пациенттің құқықтарын қамтамасыз ету, уақытылы, сапалы, қауіпсіз, тәуекелге бағытталған медициналық көмек алу үшін JCI халықаралық стандарты қағидаттарына негізделген медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру.
СМжәнеТББ қызметінің бағыттары:
- JCI стандарттары талаптары шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасына ішкі сараптама ұйымдастыру және жүргізу;
- сапа индикаторларын бағалай отырып клиниканың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;
- құрылымдық бөлімшелер қызметінің денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
- тәуекел-менеджмент қағидаттарына негізделген көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту;
- сауалнама арқылы пациенттердің пікірін және олардың көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына қанағаттану дәрежесін зерттеу;
- пациенттер мен олардың туыстарының өтініштері бойынша түзету іс-шараларын талдау және жүргізу;
- КІА ҒЗИ басшылығына тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған проблемалар туралы ақпарат беру;
- науқастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы персоналды хабардар ету;
- медициналық қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша К№А ҒЗИ қызметкерлерін оқыту және әдістемелік көмек көрсету.
Біздің сапа жөніндегі саясатымыз:
1. Пациенттің сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану.
2. Көрсетілетін медициналық көмектің жоғары сапасына бағытталуы.
3. Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсетудегі медициналық және басқа да қателіктерді жою.
4. Медициналық көмектің сапасын және пациенттердің қауіпсіздігін үздіксіз арттыру барысына әрбір қызметкердің қатысуын ынталандыру.
5. Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігі және пациенттердің қауіпсіздігі саласындағы міндеттер мен проблемаларды шешуге жүйелі көзқарасқа негізделген.