Ресми интернет-ресурс
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім келесі клиникалық мамандықтар бойынша резидентураны қамтиды:
Резидентурада оқу тек күндізгі нысанда, мемлекеттік тапсырысты орындау, жергілікті бюджет есебінен, өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға тиісті мамандық бойынша біліктілік сертификаты беріледі.
Құрметті түлектер мен студенттер, «Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ» АҚ резидентура білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау науқаны басталғаны туралы ақпаратты қуана хабарлайды:
Резидентураға қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде қабылдау жүзеге асырылады.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Құжаттарға қойылатын талаптар туралы немесе қабылдау емтиханын өткізу тәртібі сұрақтары жөніндегі қосымша ақпаратты біздің веб-сайттан немесе жауапты хатшы Буркитбаева Гульмира Навирдиновнаға хабарласу арқылы алуға болады:
📞: +7 (727) 233 00 22
+7 (777) 234 26 37
E-mail: priem-dir@ncvb.kz, g.burkitbaeva@mail.ru
Құжаттарды қабылдау:
Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,120/25, 428 кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі, кәсіптік және қосымша білім беру департаменті
Резидентураға түсушілердің өтініштерін қабылдау: 3 – 25 шілде
Қабылдау емтихандары: 8 – 16 тамыз
Оқуға түскендердің құжаттарын қабылдау: 20 – 28 тамыз
Оқуға түскендерді тіркеу: 28 тамызға дейін
Жұмыс уақыты: сағат 08.00-17.00. (13.00-14.00-үзіліс)
Барлық мүдделі үміткерлерді осы мүмкіндікті жіберіп алмауға және көрсетілген мерзімде құжаттарын тапсыруға шақырамыз.
Сіздерді біздің резиденттеріміздің қатарынан көруге қуанышты боламыз!
Резидентураға тапсыратын үміткерлер 2025 жылғы 3-25 шілде аралығында қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды өткізеді:
Егер интернатураны бітірген жылы тестілеу өткізілмесе, онда қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсырғанға дейін үміткер «Жалпы медицина» / «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша ҰТЕО-ға тестілеуді тапсырады
ЕСКЕРТУ:
Құжаттар сағат 08.00-ден бастап — сағат 17.00-ге дейін қабылданады (түскі үзіліс: сағат 13.00 -14.00), сенбі, жексенбі – демалыс күндері.
Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда қабылдау комиссиясы өтінішті одан әрі қараудан бас тартуға құқылы.
Ресми интернет-ресурс