Иммундау апталығы: вакциналар жыл сайын 4 млн астам адамның өмірін сақтайды

Иммундау апталығы: вакциналар жыл сайын 4 млн астам адамның өмірін сақтайды

https://kaz.inform.kz/news/immundau-aptaligi-vaktsinalar-zhil-sayin-4-mln-astam-adamnin-omrn-saktaydi-79726e/

 АЛМАТЫ. KAZINFORM — 24-30 сәуір аралығында әлемде жыл сайын иммундау апталығы өтеді. Бұл іс-шара барлық континенттердегі 180-нен астам ел қатысатын әлемдік жобаға айналды. Осы жылдың иммундау апталығының ұраны «Бәріміз ұзақ өмір сүрейік». ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аллерголог-иммунологы Арай Батырбаева вакцинацияның маңыздылығы туралы айтты.