Медициналық ЖОО түлектерінің және жас дәрігерлердің назарына!

«Кардиология жәнеішкіаурулар ҒЗИ» АҚ медициналық жоғары оқу орындарының түлектері мен жасдәрігерлерді клиникалық мамандықтар бойынша нысаналы резидентураға қабылдайды:

- Анестезиология ересектер, балалар (3 жыл);

- Кардиология ересектер, балалар (3 жыл);

- Эндокринология ересектер, балалар (2 жыл);

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • жоғары медициналық білім;
  • интернатура;
  • Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да түсу емтиханы мен әңгімелесуден сәтті өту.

Барлық сұрақтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша білім беру департаментіне келесі телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз:

Жұмыс тел.: 8 (727) 2330022,   8 (727) 2330068

Ұялы тел.:  8 777 234 26 37 – Гульмира Навирдиновна Буркитбаева

Эл.мекенжай: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құжаттарды қабылдау келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады:

Алматы қ., Әйтекеби көшесі, 120/25

Жоғары оқу орнынан кейінгі

кәсіптік және қосымша білім беру департаменті

428кабинет

Құжаттарды қабылдау 3-нен 25 шілде аралығында, сағат 08.00-ден бастап 17.00-ге дейін жүзге асырылады (түскі үзіліс сағ.13.00-14.00 аралығында)

Түсу емтихандары– 8 тамыздан бастап 16 тамыз аралығында;

Қабылдау – 2023 жылғы 25 тамызға дейін.

Қажетті құжаттардың тізбесі 

2022-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА  РЕЗИДЕНТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Эндокринология мамандығы бойынша резидентураға түсетін тұлғаларға арналаған емтихан сұрақтары

Кардиология, оның ішінде балалар мамандығы бойынша емтихан сұрақтары

Анестезиология және реаниматология бойынша емтихан сұрақтары

Түсу емтихандарын өткізу туралы

 

Резидентураның білім беру бағдарламалары оқытудың клиникалық бағыттылығын және тиісті мамандық бойынша тереңдетілген мамандандырылған даярлықты көздейді.

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін адамдардың алдыңғы білім деңгейі - базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы.

Резидентураның білім беру бағдарламасын меңгеру ұзақтығы мамандыққа және алдыңғы дайындыққа байланысты 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімді құрайды.

Резидентура тыңдаушыларын даярлау резидентура мен МЖМБС-2022ж Клиникалық мамандықтар тізбесіне сәйкес 3 клиникалық мамандық бойынша жүргізіледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім резидентурада мынадай клиникалық мамандықтар бойынша даярлауды қамтиды:

· 7R110300 кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы

· 7R110900 эндокринология, оның ішінде балалар эндокринологиясы

· 7R112600 анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы

Резидентура тыңдаушыларын даярлау:

· Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының жіктеуішісі;

· Салалық біліктілік шеңберіне;

· Резидентураның мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен, үлгілік білім беру бағдарламасымен және резидентура мамандықтарының үлгілік оқу жоспарларына;

· Оқу жұмыс жоспарларына;

· Академиялық күнтізбеге;

· Жеке жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады;

Резидентурада оқу тек күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.

Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға тиісті мамандық бойынша біліктілік тағайындау туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.