Функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі

Previous Next

Бөлімшеде жасалатын диагностиканың әдістері:

Ішперде қуысы мен ішперде артындағы кеңістіктің УДЗ

Брахицефалдық тамырлардың УДДГ

Аяқ пен қол тамырларының УДДГ

Бүйрек тамырларының УДДГ

Бауыр мен көкбауыр УДДГ

Бүйрек тамырларының УДДГ

Қалқанша безінің УДЗ

Плевра қуысының УДЗ

Электрокардиография

Эходопплеркардиография

Өңеш арқылы эхокардиография

ЭКГ – жүгіру жолындағы және велоэргометрдегі жүктемелік сынамалар

ЭКГ және АҚ холтерлік мониторингі

Бөлімше меңгерушісі

Зав ОУФД Конысбекова А 2

Конысбекова Акжан Умиралиевна

м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясын үздік аяқтады. Кардиология мамандығы бойынша И.М.Сеченов ат. Мәскеу медициналық академиясында клиникалық ординатурада және Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының ішкі аурулар кафедрасында білім алды.

Астана және Алматы қалаларының медициналық ұйымдарында функционалдық диагностикада саласы бойынша жұмыс өтілі бар.

Жүрек пен қан тамырларын ультрадыбыстық көру (трансторакалды эходопплеркардиография, стресс-, өңеш арқылы эхокардиография жасау, үш өлшемді бейнелер) әдістерін, жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды аспаптық диагностикалаудың заманауи әдістерін, соның ішінде велоэргометрдегі, тредмильдегі жүктеме сынамаларын, ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторлау бағдарламаларының деректерін өңдеу әдістерін меңгерген.

Бөлімше қызметкерлерінің тәжірибесі мол, алыс және жақын шетелдің жетекші орталықтарында білім алады, өздерінің біліктілік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Институттың ғылыми-техникалық әзірлемелеріне белсенді түрде қатысып отырады.