Күндізгі стационар

Күндізгі стационарда тәулік бойы ауруханада болуды талап етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдеу-диагностикалық көмекті қажет ететін пациенттерге стационарды алмастыратын көмек көрсетіледі. Күндізгі стационар жағдайында аллергологиялық, кардиологиялық, эндокринологиялық және гастроэнтерологиялық бейіндегі пациенттерді емдеу дәрігерлердің бақылауымен науқасқа дұрыс терапияны таңдауға, оның таңдалған дәрі-дәрмектерге деген бейілділігін дамытуға, аллергиялық реакциялардың немесе дәрі-дәрмектерге төзімсіздіктің түрлерінің пайда болуын бақылауға мүмкіндік береді.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап күндізгі стационарда амбулаториялық жағдайда диагностикалық коронароангиография жүргізіледі.

Күндізгі стационарда емдеу тегін жүргізіледі. Ауруханаға жатқызу тұрғылықты жері бойынша емхананың, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығының жолдамасы бойынша және пациент күндізгі стационарға өздігінен жүгінген кезде жүзеге асырылады.

Күндізгі стационарда ұзақтығы 4 сағаттан 8 сағатқа дейінгі медициналық бақылау жүргізіліп, мамандандырылған медициналық, сондай-ақ емдеу-диагностикалық және консультациялық көмек көрсетіледі. Жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, артериялық гипертония, жүре пайда болған жүрек ақаулары, кардиомиопатиялар, жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, жүрек соғысының бұзылуы, сондай-ақ миокард инфаркті және созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар пациенттерді тексеру және емдеу жүргізіледі.

Негізгі емдеу терапиясы, профилактикалық емдеу таңдалады, науқастың жағдайына күнделікті бақылау жүргізіледі, кардиологиялық және терапиялық бейіндер бойынша жоспарлы емдеу шаралары жүргізіледі.