Кардиология бөлімшесі

Previous Next

Кардиология бөлімшесінде пациенттерге диагностика мен емдеудің жаңа,  заманауи әдістерін пайдалана отырып, кардиология, кардиохирургия және ангиохирургия бейіні бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

 

Бөлімшеде:

-туа біткен жүрек және қан тамырлары ақаулары, жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және басқа да жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерге диагностикалық және емдік іс-шаралар;

- әртүрлі органдар мен жүйелердің контраст жасауға байланысты рентгендік эндоваскулярлық зерттеулер;

- селективті және селективті емес коронарангиография;

- вентрикулография;   

- коронарлық тамырлардың ангиопластикасының түрлері;

- дәрілік және дәрілік жабыны жоқ коронарлық стентті (эндопротездеу) орнату;

- ангиография, балондық ангиопластика және перифериялық тамырлар зақымданған кезде стенттеу;

- жүректің әртүрлі туа біткен ақауларына окклюдердің рентгендік эндоваскулярлық имплантациясы (жүрекшеаралық  ақау, қарыншааралық  ақау, бітелмеген артериялық түтік);

-артерио-веноздық ақауларды рентгендік эндоваскулярлық эмболизациялау және гемангиомаларды пункциялық склероэмболизациялау;

- ангиокардиографиямен жүрек қуысының диагностикалық катетеризациясы;

- гипертрофиялық кардиомиопатиядағы спирттік абляция;

- сол жақ жүрекшенің рентгендік эндоваскулярлық окклюзиясы;

- қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау (TAVI);

- тікелей зақымдану ошағына емдеу препараттары;

- рентгенохирургиялық транскатетерлік араласудың әртүрлі түрлері;

- пациенттерді LVAD және жүрек трансплантациясына дайындау;

- LVAD және жүрек трансплантациясынан кейінгі науқастарды басқару;

- идиопатиялық өкпе гипертензиясы бар науқастарды диагностикалау және емдеу.

 Бөлімше меңгерушісі

Амантаева Асемгуль Нуралыевна

Amantayeva_A.png

Жұмыс өтілі: 15 жылдан астам.

С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетін «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік және сол жерде «емдеу ісі»  мамандығы бойынша интернатураны, «Гематология және қан құю» мамандығы бойынша Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ординатурасын бітірген.

«Клиникалық кардиология» мамандығы бойынша КжІАҒЗИ, Сібір мемлекеттік медицина университетінде (Ресей, Томск) «Клиникалық электрофизиология, аритмияның катетерлік абляциясы» мамандығы бойынша, CARDIOLINE HEART INSTITUTE (Израиль) «Клиникалық кардиология» мамандығы бойынша, «Жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуын диагностикалау және емдеу» мамандығы бойынша И. Мечников ат. ГОУВПО СПб ГМА (Ресей, Санкт-Петербург) қайта даярлаудан өтті.  

Жұмыс тәжірибесі:  

2009-2014 ж. ж. - Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмология секторының кіші ғылыми қызметкері,

2014 жыл - КІАҒЗИ ақылы бөлімшенің кардиолог дәрігері,

2018-2019 жж - КІАҒЗИ Кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері,

2019 жыл - КІАҒЗИ Кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі,

2021 – 2022 ж. КІАҒЗИ рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі,

2023 жылдан бері- КІАҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығының кардиолог дәрігері, содан кейін кардиология бөлімшесінің меңгерушісі.

Рентгенэндоваскулярлық хирургия -бұл пациенттердің өмір сүру сапасын едәуір арттыратын емдік операцияларды орындауда диагностикалық манипуляциялар жүргізу мүмкіндіктерін кеңейте отырып, адамның қан тамырларын іштен әсер ету арқылы манипуляциялауды қамтитын медицинадағы бағыт, артықшылығы операциядан кейінгі асқынулардың даму ықтималдығының төмендігі, қан тамырлары ауруларын емдеудегі тиімділік, минималды жарақаттану және қысқа мерзімде оңалту болып табылады.

Эндоваскулярлық хирургия - бұл рентгендік хирургия жағдайында ангиографиялық аппараттың бақылауымен орындалатын диагностикалық немесе емдік тамырішілік процедуралар жиынтығы. Процедура барысында теріге кішкене инъекция арқылы хирургиялық операцияны қажет етпейтін барлық қажетті манипуляцияларды орындау үшін арнайы катетер енгізіледі.

Хирургиялық араласулар қауіпсіз рентген сәулесінің көмегімен бақыланады: тамыр ішіндегі манипуляциялар арнайы жабдықтың - ангиографтың экранында көрсетіледі.

Эндоваскулярлық хирургияның дәстүрлі хирургиядан артықшылығы:

  • Жеңіл жарақат. Тамырға диаметрі екі-үш миллиметрлік тері тесігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қанның аз кетуіне және операциядан кейінгі тыртықтардың болмауына ықпал етеді.
  • Анестезияны қолданумен байланысты асқынулардың болмауы. Операциялар науқас үшін іс жүзінде ауыртпалықсыз және жергілікті анестезиямен жасалады. Бұл анестезияны қолданғаннан кейін жиі пайда болатын асқынуларды жояды.
  • Жылдам оңалту. Бірнеше күннен кейін әдеттегі өмір салтына оралады. Операциялардың кейбір түрлері амбулаториялық негізде жүзеге асырылады.
  • Эндоваскулярлық хирургия өте сирек асқынулар береді.
  • Қарсы көрсеткіштер минималды. Оларға контрастты препараттарға айқын аллергия, қан ұюының бұзылуы, жедел бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі жатады.