Клиникалық-зертханалық зерттеулер мен тексеріп қаралу

Клиникалық-зертханалық зерттеулер ҒЗИ зертханасында жүргізіледі. Әлемдік көшбасшылардың заманауи жабдықтарының арсеналын пайдалану пациенттерге бірегей молекулалық-генетикалық әдістерді де, әдеттегі зертханалық зерттеу әдістерін де (ИФА, ПТР және биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу), сондай-ақ жалпы клиникалық және биохимиялық зерттеу әдістерін де қолжетімді етеді. Зертханалық роботтарды пайдалану арқылы процестерді автоматтандыру зерттеу сапасын бірнеше есе арттыруға және диагностикалық процестегі қателерді азайтуға мүмкіндік береді. Зертхана сапаны бақылаудың халықаралық бағдарламаларына қатысады, бұл алынған нәтижелердің жоғары сенімділігі мен сапасына кепілдік береді.

Рентген кабинеті. Әртүрлі патологиялар кезінде аналогтық рентген-қондырғыда тыныс алу органдарына, асқазан-ішек жолдарына, несеп-жыныс және жүрек-қантамыр жүйелеріне тексеру жүргізіледі.

Ультрадыбыстық диагностика кабинетінде зерттеулерді жоғары санатты дәрігерлер жүргізеді. Ересек тұрғындарға ультрадыбыстық сканерде доплермен ЭХО-кардиография, құрсақ қуысы, жамбас, жұмсақ тіндер, қалқанша бездердің ультрадыбыстық зерттеуі сияқты тексерулер жүргізіледі.

Эндоскопиялық кабинет заманауи бейнеэндоскопиялық қондырғымен жабдықталған. Жоғары санатты дәрігерлер бейнекапсулалы эндоскопия, бейнеэзофогоскопия, бейнегастроскопия, бейнеколоноскопия зерттеулерін жүргізеді, материалға морфологиялық зерттеу жасалады. Құрылғы диатермокоагуляциямен жабдықталған, бұл амбулаториялық жағдайда асқазан-ішек жолдары органдарының ісіктерін алып тастауға мүмкіндік береді.

Функционалдық диагностика кабинетінде мынадай зерттеу түрлері жүргізіледі:

ЭКГ,

ЭКГ Холтер мониторингі,

қан қысымының тәуліктік мониторингі,

спирография.

Тексерулер жүрек және тыныс алу органдарының аурулары кезінде жүргізіледі.