Рентгенэндоваскулярлық операциялық блок

Previous Next

Негізгі емдеу-диагностикалық операциялар:

- Коронарография (оның ішінде абмулаторлық коронарография) жүрек артерияларының зақымдануын диагностикалау, жүректің ишемиялық ауруы болғанда және әрі қарай емдеудің тәсілдерін таңдау (стенттеу, шунттау, дәрі-дәрмекпен емдеу) үшін қолданылады.

- жүректің туа біткен және жүре пайда болған ақауы кезіндегі ангиокардиография және ангиопульмонография.

- TAVI аорта қақпақшасының транскатетерлік имплантациясы, аорта қақпақшасын оның күрделі стенозы (тарылуы) кезінде жергілікті анестезия жасай отырып, сан артериясы арқылы ауыстыру.

- Аортаны стенттеу - созылмалы қатпарлануды, кеуде немесе құрсақтық аортаның аневризмасын емдеу.

- Туа біткен жүрек ақауында окклюдерді имплаттау: жүрекшеаралық қалқаның ақауы, қарыншааралық қалқаның ақауы, ашық артериялық түтік.

- Миома жағдайында жатыр артерияларының эмболизациясы – жатыр миомасын емдеудің заманауи тиімді әдісі.

- Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын эндоваскулярлық емдеу – хирургиялық емдеудің лайықты алмастырушысы болып табылады.

Интервенциялық кардиологтар, рентгенхирургтар аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау (аорта қақпақшасын транскатетерлік импланттау (TAVI) бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операциялар жасайды.

Мұндай араласулар аорта қақпақшасын ауыстыру бойынша кардиохирургиялық операциялар жасауға кері көрсеткіштер қойылған күрделі аорта стенозы бар пациенттерге жасалады. Мұндай пациенттердің 30-дан 40%-ға дейінгісі жалпы наркозбен кеуде қуысын ашып, ағзаны жасанды қан айналымына ауыстыратын дәстүрлі операцияларға шыдай алмайды.

Операциядан кейінгі кезең де ауыр болады. Аорта қақпақшасын импланттау осындай қауіптерді азайтады. Операция аз инвазивті өтеді. Араласулар жүргізілгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарып, кеудесінде ауырсыну, есінен тану мен ентігудің жоғалатындығы байқалады.

Жаңа мүмкіндіктер мен инновациялық тәсілдердің арқасында дәрігерлер пациенттерді аман алып қалады, олардың өмірін ұзартып, өмір сүру сапасын жақсартады. Осындай араласулар жүргізілген пациенттердің жасы 65 жас және одан жоғары.

Рентгеноэндоваскулярлық операциялық блоктың меңгерушісі

Колесников Алексей Евгеньевич

интервенциялық кардиолог, рентгенхирург, жоғары санатты дәрігер.

Алексей Евгеньевич С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ түлегі. Осы оқу орнын 2005 жылы «емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 2006 жылы Қазақ медициналық университеті (ҚМУ) базасында «хирург дәрігер» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады. Осы жылы Ресей Федерациясының ірі кардиохирургиялық орталығы болып табылатын академик Е.Мешалкин ат. Новосибирск қанайналым патологиясы ҒЗИ (Ресей ДСМ НҚПҒЗИ) эндоваскулярлық хирургия бойынша маманданудан өтті.

Инновациялық кардиология бойынша Қазақстан-Ресей медициналық университетінде және ҚМУ эндоскопиялық хирургияда (2006 жыл), АМДБЖИ кардиология және сәулелік диагностика бойынша (2007 және 2010 жылдары) тағылымдамадан өтті. 2011 – 2012 жылдары Жапонияда Нагасаки медициналық университетінде тағылымдамадан өткен кезінде интервенциялық кардиология бойынша жоғары кәсіби білім алды.

2006 жылдан 2008 жылға дейін Алматы қалалық кардиологиялық орталықта жұмыс істеді. 2008 жылдан осы уақытқа дейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жұмыс істейді. 2014 жылдан рентгенэндоваскулярлық блоктың меңгерушісі.

Алексей Колесников республикамыздың жетекші интервенциялық кардиологтарының бірі болып есептеледі. Оның жүрек тамырларының созылмалы бітелуі – коронарлық арнаның күрделі зақымдануы кезінде жүрек тамырларына стент қою, сол жақ коронарлық артерияның діңгегін стенттеу, бифуркациялық зақымдану, аорта-коронарлық араласулар жасалғандардың жүрек тамырларына күрделі араласулар жасау бойынша тәжірибесі мол. Соңғы жылдары аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жоғары технологиялық операцияларды дамыту (TAVI procedure) жолында өз үлесіп қосып жүр.

Рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың дәрігерлері жақын және алыс шетелдің – Ресей, Жапония, Германия, Америка, Израиль, Бельгияның жетекші клиникаларында бірнеше рет мамандандырудан өтті.

Бөлімше дәрігерлері:

Калжанов Алмат Онгарбаевич - интервенциялық кардиолог, рентгенхирург

Кужукеев Арыстан - интервенциялық кардиолог, рентгенхирург

Теменов Нуржан – интервенциялық кардиолог, рентгенхирург

Телефондары:

Рентгенэдоваскулярлық операциялық блогы: 233-00-76
Бөлімше меңгерушісі: 233-00-73