Күндізгі стационар

Previous Next

БӨЛІМШЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Бөлімше тәулік бойы ауруханада болуды талап етпейтін, бірақ күндізгі уақытта емдік-диагностикалық шаралар көрсетіліп отырған пациенттерге стационарды алмастыратын көмек көрсетеді.

Күндізгі стационар жағдайында пациенттерді емдеу жоғары білікті мамандардың бақылауымен пациентке лайықты терапияны таңдауға, пациенттің дәрі-дәрмектерге бейімділігін қалыптастыруға, аллергиялық реакциялар немесе дәрі-дәрмектердің басқа түрлерінің жақпай қалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Күндізгі стационарда емделу пациентке күндізгі уақытта емделуді жұмыс немесе оқумен қоса атқара отырып, ал кешкі және түнгі уақытта үйде болуға мүмкіндік береді. Қажет болса немесе пациентте жұмысқа жарамсыздық белгілері болған жағдайда ол еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ала алады.

Бөлімше жанында Респираторлық орталық жұмыс істейді, мұнда жетекші мамандар: доцент, м.ғ.к. Г.У.Есетова, жоғары санатты терапевт дәрігер Г.К.Кожакеева өкпе патологиясы бар пациенттерге жоғары білікті көмек көрсетіледі. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында емделу тегін жүргізіледі.

Емделуге жатқызу тұрғылықты мекенжайы бойынша емхананың жолдамасымен, пациент күндізгі стационарға өз бетінше қаралған жағдайда КІА ҒЗИ КДО іске асырылады. Бөлімшеде кардиология, аллергология, эндокринология, гастроэнтерология және ревматология бейіндері бойынша емдеу жүргізіледі. Диагнозды дер кезінде және дәл қою үшін (тек негізгі ғана емес, сонымен қатар ілеспелі аурулар) бөлімше дәрігерлері қазіргі заманғы ең жаңа және сапалы деңгейде зерттеудің кең спектрін қолданады.

Күндізгі стационарда келесі көмек көрсетіледі:

· Стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар) - күні бойы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылай отырып мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

· Пациенттерге стационарды алмастыратын көмек ұйымдастырылады және қамтамасыз етіледі, оларға білікті емдік-диагностикалық және консультативтік көмек көрсетіледі.

· Жүректің ишемиялық ауруының созылмалы тұрақты түрлері, тұрақты стенокардия, артериялық гипертония, жүректің жүре пайда болған кемістігі, кардиомиопатия, жүректің созылмалы ревматикалық аурулары, жүрек ырғағының бұзылысы, сондай-ақ миокард инфаргіне шалдыққан, созылмалы жүрек кемістігі бар пациенттерге зерттеудің ең жаңа заманауи спектрлерін пайдалана отырып тексеріледі және емделеді.

· Негізгі терапия түзетіледі және таңдалады, профилактикалық емдеу жүргізіледі, науқастың жағдайы күнделікті бақыланады.

· Кардиологиялық және терапевтік бейіндер бойынша жоспарлы емдік шаралар жүргізіледі.

· Күрделі диагностикалық жағдайларда консилиумдар өткізіледі.

· Қажет болған жағдайларда қосымша тексерудің аспаптық әдістері жүргізіледі: ЭХОКГ, ӨАЭС, ВЭМ, тредмил тест, ҚҚА және бүйректің УДЗ, СМЭКГ және СМАД, зертханалық зерттеулер: ЗЖТ,НЖТ, қанның биохимиялық талдауы.

· Сырқаттанушылықтың, мүгедектіктің, өлім-жітімнінің алдын алуға, азайтуға, пациенттердің өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады және өткізіледі.

· Диагностикалау мақсатында амбулаториялық жағдайда коронароангиография жасалады.

Бөлімше меңгерушісі

Зав Днев стац Куттыбаева Б 2

Куттыбаева Багдат Сансызбаевна

Жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. Жалпы жұмыс өтілі 22 жыл, мамандығы бойынша жұмыс өтілі 19 жыл. С.Д.Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. 10-нан астам, оның ішінде шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектері бар.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ