Физиотерапия бөлімшесі

Previous Next

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ физиотерапия бөлімшесінде кардиологиялық және терапевтік бейіндегі науқастарға емдік дене шынықтыру, физиотерапевтік ем және оңалту шаралары жүргізіледі.

Емдік дене шынықтыру, массаж жасау, физиотерапия,омыртқаның декомпрессиялық-тракциялық терапиясына арналған физиотерапиялық емдеу кабинеттері және кинезотерапия жұмыс істейді.

Емдеу мақсатында гальванизация, электрофорез, синусоидальдық тоқтар, төменгі жиіліктегі және жоғары жиіліктегі электротерапия, магнитотерапия, электросон, дарсонвализация, ЖЖТ-терапия, импульсты, ультрадыбыстық және биоптрон тоқтары бар терапия, ингаляция (небулайзерлік терапия) қолданылады.

Бөлімшенің адамның өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қызметі өз нәтижесін беріп, пациенттер тезірек қалпына келуде, себебі физиотерапия пациенттерді кешенді емдеу мен сауықтыруда маңызды орын алады. Физиотерапевтік емшаралар операциядан кейінгі кезеңде және пациенттің ауырып шыққаннан кейінгі сауықтыру кезеңінде қолданылады. Ол емнің тиімділігін арттыруға, асқынулардың қаупі мен дәрі-дәрмекпен емдеудің әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Физиотерапевтік ем жүргізудің артықшылығы: олар ауыртпайды, кері әсерлердің даму қаупі аз.

Есенгараева Сауле Дамировна, физиотерапевт дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

КІА ҒЗИ 2021 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді.

Қазақстан-Ресей медицина университетінің физикалық медицина және оңалту курсын басқарады.

Еңбек жолын 2002 жылы физиотерапевт дәрігер лауазымынан бастады. 2009 жылдан бастап - реабилитолог дәрігер. Бірнеше рет мамандығы бойынша, оның ішінде Мәскеу, Вильнюс қ., Израиль, Чехия елдерінде білім алды.