Консультативтік-диагностикалық орталық

Previous Next

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша медициналық қызметтер;

- ақылы медициналық қызметтер;

- міндетті сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетеді.

КДО-да диагноз қоя отырып, емдеу әдісін айқындай отырып және емделуге жатқызу, инвазивті емес және операциялық араласулар жүргізу туралы мәселені шешуде көмек көрсете отырып, 16 мамандық бойынша ересектерге консультативтік, амбулаториялық-емханалық медициналық көмектер көрсетіледі, сондай-ақ зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық және диагностиканың басқа да түрлері жүргізіледі.

Консультативтік-диагностикалық орталық ұлттық және халықаралық стандарттар деңгейінде еліміздің өңірлерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін заманауи емдеу-диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Сіз кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология бойынша кешенді тексеруден жылдам және сапалы өте аласыз.

Қабылдауды медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, көп жылдық жұмыс өтілі бар жоғары санатты дәрігерлер жүргізеді. КДО-да Сіз өзіңіздің патологияңызға сәйкес зерттеулер жүргізуге жазыла аласыз, содан кейін емдеудің тактикасын анықтау үшін маманнан консультация аласыз.

Байланысу тел.:

Тіркеу: 8-727-2 33 00 61, 8-727- 267 68 34, 8 776 368 8899

Қабылдау және тексерілуге жазылу: 2 67- 68-34., 2 33 -00- 61

КДО меңгерушісі: 2 33 00 30, ішкі: 594

Аға мейіргер: 2 33 00 83

Зертханалық-диагностикалық бөлімше

Клиникалық-зертханалық зерттеулер ҒЗИ зертханасында жүргізіледі. Әлемдік көшбасшылардың ең жаңа заманауи жабдықтарының қорын пайдалану пациенттер үшін бірегей молекулярлық-генетикалық әдістеріне, зерттеудің зертханалық әдістеріне де (ИФА, ПЦР және биологиялық материалдың бактериологиялық зерттеулері), сонымен қатар зерттеудің жалпыклиникалық және биохимиялық әдістеріне қолжетімді.

Зертханалық роботтарды қолдану арқылы процестерді автоматтандыру зерттеудің сапасын бірнеше есеге арттыруға және диагностикалық процестегі қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді. Зертхана сапаны бақылаудың халықаралық бағдарламаларына қатысады, бұл алынған нәтижелердің жоғары сенімділігі мен сапасына кепілдік береді.

Рентген-кабинет. Аналогтық рентген қондырғысында әртүрлі патологиялары бар тыныс алу органдарын, асқазан-ішек жолдарын, несеп-жыныс және жүрек-тамыр жүйелерін тексеру жүргізіледі .

Ультрадыбыстық диагностика кабинетінде жоғары санатты дәрігерлер зерттеулер жүргізеді. Ересектерге допплермен ЭХО-кардиография, құрсақ қуысы, кіші жамбас ағзаларының УДЗ, жұмсақ тіндер, қалқанша безін УДЗ сканеріндегі зерттеулері жүргізіледі.

Эндоскопиялық кабинет заманауи бейнеэндоскопиялық тірекпен жабдықталған. Жоғары санатты дәрігерлер зерттеудің келесідей түрлерін: материалға морфологиялық зерттеу жүргізе отырып бейнекапсулалық эндоскопия, бейнеэзофагоскопия, бейнегастроскопия, бейнеколоноскопия жүргізеді. Аппарат диатермокоагуляциямен жабдықталған, бұл амбулаториялық жағдайда асқазан-ішек жолы мүшелерінің қатерсіз ісіктерін жоюға мүмкіндік береді.

Функционалдық диагностика кабинетінде зерттеудің келесі түрлері:

ЭКГ, ЭКГ холтерлік мониторингі, АҚ тәуліктік мониторингілеу, спирография жүргізіледі.

Зерттеу жүрек және тыныс алу жолдары аурулары кезінде жасалады.

КДО консультацияны жоғары білікті профессорлар мен доценттер, жоғары санатты дәрігерлер мен университеттердің оқытушылары жүргізеді. Консультацияны жоғары санатты дәрігерлер – пульмонолог дәрігер, профессор Касенова Сауле Лаиковна, жоғары санатты дәрігерлер, ревматолог Машкунова Ольга Васильевна, кардиолог дәрігер, м.ғ.д. Мусагалиева Айсулу Тулекаевна, доцент Кушумбаева Гульзида Мукеевна және көптеген басқа дәрігерлер жүргізеді.

Консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі

Рук_КДЦ_Исхакбаева_Г-2.jpg

Исхакбаева Гузель Пархатовна

2011 жылы С.Д. Асфендияров ат. Қазақ үлттық медицина университетін дәрігерлік іс мамандығы бойынша аяқтады, интернатураны – Қазақ-Ресей медицина университетінде тәмамдады. Осы университетте алғашқы мамандандырудан өтті. Астана қ. Оқу-клиникалық орталығында, Ұлттық кардиохирургия орталығында, Алматы қ., Новосибирск қаласында академик Е.Мешалкин ат. Ұлттық медициналық зерттеу орталығында біліктілігін арттырды.

Еңбек жолын 2012 жолы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да бастады. Сол жылы институтқа өндірістік практикаға келген болатын. 2013 жылы дәрігер – методист қызметін атқарып, кардиохирургия бөлімшесінде кардиолог дәрігер болып жұмыс істеді.

ТЕРАПЕВТІК БЕЙІН

Кардиологтар :

Белоносова Ирина Николаевна - жоғары санатты дәрігер, жалпы жұмыс өтілі 30 жылдан артық. Кардиологиялық бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген.

Алпысбаева Мадина Айтахыновна - жоғары санатты кардиолог дәрігер, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. КІА ҒЗИ 1983 жылдан бері жұмыс істейді. Кардиологиялық және жалпы терапевтік бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген. ҚР ДСМ грамоталарымен марапатталған.

Толеуова Роза Жакановнажоғары санатты кардиолог дәрігер, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі. КІА ҒЗИ 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Кардиологиялық және жалпы терапевтік бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген. ҚР ДСМ грамоталарымен марапатталған.

Токтасунова Мухабат Жалиловна - жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. КІА ҒЗИ 2002 жылдан бастап жұмыс істейді. Кардиологиялық және жалпы терапевтік бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген. Көп уақыт амбулаторлық практикада жұмыс істейді. 25-тен астам жариланымдары бар.

Кистауова Ботагоз Жумабековна жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты. КІА ҒЗИ 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Өнертабысқа патенті бар: 2 (2005, 2006 ж.), 30 астам ғылыми жұмыстары бар, кардиологиялық бейіндегі науқастарды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгерген. ҚР ДСМ грамоталарымен марапатталған.

Удербаева Гульнара Карибаевна - жоғары санатты кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты..

Гутермахер Анастасия Викторовна - кардиолог дәрігер, 8 705 486 4107.

Консультанттар :

Тулеутаев Рустем Мухтарович – кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші санатты дәрігер.

Султанов Галымжан Берикович – магистр, бірінші санатты дәрігер.

Аритмологтар және интервенциялық кардиологтар:

Ахыт Багдат Абдыкадырович – жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылыстары бөлімшесінің аритмологі дәрігері.

Колесников Алексей Евгеньевич рентгенэндоваскулярлық оперблоктың меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер.

Консультативтік-диагностикалық орталығында түрлі бейіндегі мамандардың консилиумы өткізіледі. Күндізгі стационар жағдайында тәулік бойы бақылауды қажет етпейтін пациенттерді емдеу іске асырылады.

Кардиология, терапия, гастроэнтерология, ревматология, пульмонология, жалпы хирургия, гинекология мамандықтары бойынша ересек пациенттерге көмек көрсетіледі.

Әйтеке би,120 мекенжайында орналасқан Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ КДО негізгі қызметі – Алматы қ. және Алматы облысының ересек тұрғындарына, сондай-ақ сырттан келген пациенттерге сапалы мамандандырылған консультативтік-диагностикалық көмек көрсету.