Соматикалық ақылы бөлімше

Previous Next

Кезексіз, жайлы сапалы медициналық көмек.

 Барлық палаталар санитарлық тораппен, душпен, кондиционермен, тоңазытқышпен және теледидармен жабдықталған, қызметкерлерді жылдам шақыру батырмасы бар. Стационар палаталары, сыпайы және жылы шырайлы медициналық қызметкерлер клиникада емделу кезінде жайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Зерттеу мен емдеуде біз дәлелді тәсілге, заманауи ұсыныстарға және әлемдегі ең жақсы тәжірибелерге сүйенеміз. Клиника қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін ең беделді және объективті тану болып табылатын JCI халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті.

 

Біздің бөлімшеде емделу барысында:

- әр пациентке жеке күтім жасау;

- заманауи жабдықта зерттеу (Philips Epic Cvx жаңа буынды ультрадыбыстық жүйесі; Fuji SCENARIA View 128 республикадағы ең заманауи КТ аппараты және басқа да  диагностикалық жүйелер);

- республиканың жетекші дәрігерлерінен, профессорларынан, phD докторларынан бір жерде кеңес алу мүмкіндігі;

- ыңғайлы 1 және 2 орындық палаталар.

Бірнеше күн ішінде сіз жоспарлы тексеруден (chek-up) өте аласыз немесе профильдер бойынша сапалы медициналық көмек ала аласыз:

- кардиология, оның ішінде коронарография және стенттеу жүргізу;

- ревматология;

- пульмонология;

- гастроэнтерология;

- эндокринология.

 

Бағалар:

Екі орындық палата - тәулігіне 25.000 теңге

Бір орындық палата - тәулігіне 35.000 теңге

Люкс палата - тәулігіне 50.000 теңге

Бағаға медициналық персоналдың тәулік бойы бақылауы, 5 рет тамақтану және дәрі-дәрмектер (бөлімшеде бар) кіреді.

Зертханалық және аспаптық зерттеулердің құны туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз: https://ncvb.kz/patsientam-i-posetitelyam/platnye-uslugi

Соматикалық ақылы бөлімшенің меңгерушісі

 Iskakova G 1

Искакова Гаухар Кайратовна

Біліктілігі: жоғары санат

 Ғылыми дәрежесі: магистр

 Жұмыс өтілі: 15 жыл

 Білімі:

2004 - 2009жж - С. Ж. Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университеті, емдеу ісі факультеті

2009-2010жж - С. Ж. Асфендияров Қазақ ұлттық медицина университеті, емдеу ісі факультеті, интернатура

Еңбек жолы:

2010 – 2021 - Қалалық кардиология орталығы, 4 кардиологиялық бөлімшенің кардиолог дәрігері.

2021- ҚКО, 3 кардиологиялық бөлімшенің меңгерушісі.

Қызметтің негізгі бағыттары:                          

Жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды диагностикалау және емдеу.

Біздің дәрігерлер:

Искакова Гаухар Кайратовна – бөлімше меңгерушісі, кардиолог дәрігер

Абдуллаева Маржан Тулендиевна – терапевт дәрігер

Кедельбаева Камиля Маратовна – кардиолог дәрігер

Утебалиева Дария Джамбуловна – кардиолог дәрігер

Ауруханаға жатқызу мәселесін талқылау үшін: 7 777 019 7974 - бөлімше меңгерушісі