2024 жылғы 22 сәуірден 6 мамырға дейін КІАҒЗИ «Асқазан-ішек жолдары мен жүктіліктің негізгі патологиялары» тақырыбында біліктілікті арттырудың циклі өтеді

2024 жылғы 22 сәуірден 6 мамырға дейін КІАҒЗИ «Асқазан-ішек жолдары мен жүктіліктің негізгі патологиялары» тақырыбында біліктілікті арттырудың  циклі өтеді

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 2024 жылғы 22 сәуір мен 6 мамыр аралығында жалпы практика және отбасылық медицина дәрігерлері, терапевтер, гастроэнтерологтар, инфекционистер және акушер - гинекологтар үшін 2 апталық «Асқазан-ішек жолдары мен жүктіліктің негізгі патологиялары" тақырыбында біліктілікті арттыру циклі өтеді.

✅Оқыту форматы-онлайн.

✅Еліміздің жетекші гастроэнтерологтары, акушер-гинекологтары және инфекционистері:

Джамиля Қайбуллаева, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары, м.ғ.к., ішкі аурулар кафедрасының доценті,

Алмагуль Джумабаева, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі,

Мухаббат Нартаева, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының үздіксіз білім беру бөлімінің басшысы,

Алла Миреева, м.ғ.д., профессор, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2- ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі,

Амангуль Дуйсенова, м.ғ.д., профессор, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының меңгерушісі,

Тамара Утаганова, жоғары санатты дәрігер инфекционист, инфекциялық аурулар бойынша тәуелсіз сарапшы дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес жүктілік кезінде асқазан-ішек жолдарының патологиясын диагностикалаудың, дифференциалды диагностикалаудың және емдеудің өзекті мәселелеріне тоқталады. Білім беру циклі барысында клиникалық практикадан күрделі және ауыр жағдайларды талдайтын болады.

✅Оқыту бастауыш буын дәрігерлеріне және бейінді мамандарға жүктілік кезінде экстрагенитальды патологияларды бақылау бойынша кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік береді

✅ Цикл аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға мемлекеттік үлгідегі құжат-біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша (қатысу, шартты ресімдеу, кредит құны және т. б.) 📞: 8 727 233 00 68, +7 776 201 99 55, +7 747 934 65 98 телефондарына хабарласуға болады.

#кардиологияғзи