🏥 12 - 24 ақпан аралығында Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Эхокардиографияның өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілікті арттыру циклы өтеді.
✅ Қатысушылардың жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы бойынша жетекші ресейлік маман, «Ак. Е.Чазов ат. Ұлттық медициналық ғылыми кардиология орталығы» ФМБМ-нің ультрадыбыстық зерттеу әдістері бөлімінің меңгерушісі профессор, м.ғ.д. Марина Саидованың (Мәскеу қ.) «Сол қарыншаның диастоликалық дисфункциясын диагностикалаудың негізгі принциптері» тақырыбындағы шеберлік сабағына қатысуға мүмкіндіктері бар.
✅ Оқытуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік электрондық құжат беріледі: біліктілікті арттыру туралы сертификат, 120 сағат/4 кредит.
Барлық сұрақтар бойынша 📞📞: 8 727 2330068, 8 747 9346598 - Гүлсан Ғайбиранқызы, 8 777 5970063 Назира Нұралықызы, email✍🏻: ncvb_edu@mail арқылы хабарласуға болады.
🏥 Мекен-жайымыз: Алматы қ., Әйтеке би көш., 120/25, конференц-зал, 4-қабат.
Біз сіздерді курс қатысушыларының қатарында көруге қуаныштымыз!