Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарының эндокринолог дәрігерлері мен пациенттерінің назарына!

Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарының эндокринолог дәрігерлері мен пациенттерінің назарына!

🏥Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында астаналық мамандармен бірге қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін радиожиілікті абляциялау (РЧА) емшарасы сәтті енгізілді және МӘМС шеңберінде квота бойынша бірнеше сәтті жағдайлар жүргізілді.

2024 жылдың мамыр айының басында Алматыда РЧА емшарасы үшін консультациялар мен пациенттерді іріктеу басталады. Пациенттерді іріктеуді Қазақстанда емдеудің осы әдісін енгізген дәрігер Малаев Нияз Бейсенұлы жүргізеді.

Кешенді тексеруге:

- интервенциялық рентгенологтың кеңесі

- қалқанша безінің сараптамалық ультрадыбыстық зерттеуі

- цитологиялық зерттеу (РЧA алдында түйіннің қатерсіздігін екі рет растау қажет)

- Алматы қаласының жетекші эндокринологының консультациясы (көрсеткіштеріне қарай) кіреді.

Қабылдау кезінде қажет болған жағдайда кистоздық түйіндердің көрсеткіштері бойынша пациенттерге склеротерапия (спирттік абляция), сондай-ақ РЧА-ға дайындық кезеңдерінің бірі ретінде жүргізіледі. Кешенді тексерудің жалпы бағасы: 50.000-нан 70.000 теңгеге дейін.

Пациенттерді консультациялық іріктеу 4 және 5 мамырда (сенбі/жексенбі) сағ. 09:00-ден 19:00-ге дейін Әйтеке би к-сі, 120 мекенжайы бойынша КІАҒЗИ алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.

Төмендегі📞📞 бойынша Сіз қабылдауға жазыла аласыз және барлық сұрақтарға жауап аласыз:

+7 777 208 9600 Мажимова Анар Жұмагелдіқызы

+7 708 826 3080 Аршидинова Камила Мұратжанқызы

(09:00 - 18:00 дейін қоңырау шалуға, сағ. 18.00 - 21.00 дейін WhatsApp жазуға болады).

🏥Қалқанша безінің түйіндік қатерсіз түзілімдері бар пациенттерге көрсетілімдер бойынша консультация мен іріктеуден кейін ағымдағы жылдың мамыр/маусым айларында МӘМС шеңберінде Алматы қ., КІАҒЗИ қалқанша безінің түйіндерінің РЧА емшарасы жүргізілетін болады.