Дәрігер үнемі білімін жетілдіріліп отыруы керек

Дәрігер үнемі білімін жетілдіріліп отыруы керек

Кеңестік медицинаның қалыптасуының бастауында тұрған Александр Кисель: «Дәрігер үнемі оқып, білімін жетілдіріліп отыруы керек», - деген екен. ҒЗИ басшылығы осы қағидаттарды ұстана отырып, дәрігерлерді, орта медициналық персоналды тұрақты негізде еліміздің, жақын және алыс шетелдердің жетекші клиникалары мен орталықтарына оқуға жіберіп тұрады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Іңкар Әбілдаева, кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Әсем Амантаева мен кардиолог дәрігер Мәдина Нұржанова биыл наурыз айында Астана қаласында Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта білімдерін жетілдірді.

КІАҒЗИ-да жасанды сол жақ жүрек қарыншасын (LVAD) имплантациялау бойынша операциялар сәтті жүргізілуде, сондай-ақ Алматыда алғашқы донорлық жүрек трансплантациясы жаксалды. Операциядан кейін пациенттер үшін дәрігерлердің барлық ұсыныстарын орындау, олар тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдау өте маңызды. Олардың кейбіреулерін өмір бойы қабылдау керек.

Дәрігерлерді оқыту дәл осы мақсаттарды көздеді: LVAD имплантациясы мен жүрек трансплантациясына дейін және одан кейін пациенттерді басқару дағдыларын меңгеру, оңтайлы өмір сапасы мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін трансплантациядан кейін пациенттерді басқару, клиникалық және зертханалық деректерді бақылау және пациенттерді іріктеу.

         Институтта пациенттердің жағдайын бақылау үшін созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кабинетінің жұмысын ұйымдастыру жоспарлануда.