Нагасакиге (Жапония) жұмыс сапары аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов пен National Hospital Organization Nagasaki Medical Cеnter Президенті Hiroshi Yatsuhashi ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қоюдың мақсаты: денсаулық сақтау жүйесін, медицина ғылымы мен білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Тараптар жаңа медициналық технологияларды енгізуге, кәсіптік білім беруді таратуға, бірлескен ғылыми зерттеулерді, жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен іске асыруға, мамандардың біліктілігін арттыруға, бірлескен конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, шеберлік кластарын өткізуге ықпал ететініні туралы келісті.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары: терапия, кардиология және интервенциялық кардиология, гепатология, гастроэнтерология және интестинальды эндоскопия, эндокринология.
Екі елдің медициналық ұйымдары арасындағы өзара іс-әрекет медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге, халыққа сапалы және тиімді көмек көрсету үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.