Құрметті әріптестер! Бүгін Қазақстанның ғылыми орта өкілдері Ғылым саласы қызметкерлерінің күнін атап өтуде.

Құрметті әріптестер!  Бүгін Қазақстанның ғылыми орта өкілдері Ғылым саласы қызметкерлерінің күнін атап өтуде.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ғылым кез-келген мемлекеттің табысты дамуының негізі болса, ғылыми әлеуетті дамыту - мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды шарты.

Қызмет көрсеткен жылдары біздің ұжымның ғылыми әлеуеті артқанын, бірқатар бағыттар бойынша біздің институт өзінің жетістіктерімен танымал болғанын, ғылыми зерттеулер жүргізіліп, халықаралық байланыстар дамып келе жатқанын атап өткім келеді.

Өз білімімен және еңбегімен медицина ғылымының дамуына зор үлес қосып, ғылыми қызметпен қатар білім беру қызметін де атқарып жүрген ғалымдарымызды мақтан тұтамыз. Олар: Басқарма төрағасының ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Қайбуллаева Джамиля Ахтанқызы, ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің басшысы Даньярова Лаура Бахытжанқызы, кардиология кафедрасының меңгерушісі Мұсағалиева Айсұлу Төлекайқызы және басқа да көптеген ғалымдар.

Мен әріптестеріме өз ісіне деген адалдығы, жаңашыл идеялары және оларды сәтті жүзеге асыруда атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс айтқым келеді.

Баршаңызға Қазақстан ғылымының игілігі үшін жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Ғылыми ізденістеріңіз жемісін беріп, тамаша табыстарға жете беріңіздер!

Құрметпен,

 Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Басқарма төрағасы Пашимов