Алматылық кардиохирургтар жүрек операциясының тиімді және заманауи әдісін меңгеруде
Алматылық кардиохирургтар қолқа қақпашасын жасанды клапанға ауыстырудың заманауи әдісін меңгеруде. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандары осындай екі операция жасады. Бұл әдістің ерекшелігі – хирургтар кеуде қуысында тілік жасамайды. Яғни, жүрегіне ашық түрде операция жасауға тыйым салынған егде жастағы адамдарға арналған.