Атеросклероздың алдын алуға болады – Кардиолог дәрігер



Атеросклероздың алдын алуға болады – Кардиолог дәрігер





Атеросклероз – созылмалы өршіп отыратын, артерияларды зақымдайтын аурудың түрі.  Олардың қабырғаларына майға ұқсас заттар, ең алдымен  холестерин кіреді. Біртіндеп май мен холестериннен тұратын атеросклеротикалық бляшкалар пайда болады. Атеросклеротикалық бляшкалар артерия саңылауларын бітейді. Артериялардың саңылаулары тарыла бастайды да, ол арқылы қан аз жүріп тіндері оттегі мен қоректік заттарды аз қабылдайды.