Дүниежүзілік жүрек күні: алматылықтарға пандемия кезінде аурудың қаупін қалай төмендетуге болатыны айтылды



Дүниежүзілік жүрек күні: алматылықтарға пандемия кезінде аурудың қаупін қалай төмендетуге болатыны айтылды





Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еліміздің үздік кардиологтарының қатысуымен Дүниежүзілік жүрек күніне арналған баспасөз конференциясы өтті. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова дәрігерлер алдында үлкен міндет - жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту міндеті тұрғанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz