Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 94 жастағы пациентке эндоваскулярлық аорта қақпақшасы имплантталды
«Еліміздің тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсетуді жақсарту үшін біздің интервенциялық кардиологтар, рентгенхирургтар өткен жылдан бастап аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операцияларды сәтті жасап жатыр», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы, профессор, м.ғ.д., жоғары санатты дәрігер Роза Қуанышбекова.