Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында ерекше аппарат іске қосылды
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында күрделі зерттеулер жасауға мүмкіндік беретін ерекше аппарат – гамма-камера іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Функционалдық ультрадыбыстық және сәулелік диагностика жасау бөлімшесінің меңгерушісі Қайрат Мурзалиннің айтуынша, бөлімше заманауи жабдықтармен және білікті мамандармен жасақталған.