Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиохирургиялық операция бөлімі халықаралық стандарттарға сәйкес жаңартылды
«Операция жасау бөлімі жүрекке күрделі операциялық араласулар жасауға арналған жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталды. 3D визуализациялаудың мүмкіндіктері бар заманауи торакоскопиялық тіреу қондырғысы орнатылды. 3D визуализациялауы бар жаңа аппаратураны пайдалану кеудені кеспей-ақ жүрек қақпақшаларына аз инвазивті операция жасауға және коронарлық шунттауды орындауға мүмкіндік берді», – дейді институттың Басқарма төрағасы, Қазақ білім академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роза Қуанышбекова.