Нефролог дәрігер: мембраноздық нефропатияны емдеуде уақыт және пациенттердің дәрігердің ұсынымдарын бұлжытпай орындауы маңызды



Нефролог дәрігер: мембраноздық нефропатияны емдеуде уақыт және пациенттердің дәрігердің ұсынымдарын бұлжытпай орындауы маңызды





Мембраноздық нефропатия – бүйрек капиллярларының қабырғаларында иммундық кешендердің шөгіп қалуынан туындайтын бүйрек шумақшасының зақымдануы. Бұл базальды мембраналар мен тамыр қабырғалары шумақшасының қалыңдауына және қабаттасуына әкеледі. Мембраноздық нефропатияның негізгі клиникалық көрінісінде нефротикалық синдром – бүкіл дененің ісінуі, несептегі ақуыздың және қандағы холестериннің жоғары болуы байқалады.