Салауатты өмір салты, физикалық белсенділік, тұрақты медициналық бақылау — ұзақ өмір сүру мен адам денсаулығының кепілі
Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызмет базасында өткен Дүниежүзілік жүрек күніне арналған брифингте Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрайымы, м.ғ.д., профессор Роза Қуанышбекова, жүрек-қан тамырлары аурулары әлемдегі адамдардың аурушаңдығының, мүгедектігінің ең көп тараған себебі болып табылады, деді.