Қуат Абзалиев: Дұрыс тексеріліп-қаралу – Сіздің денсаулығыңыздың кепілі!
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Консультациялық-диагностикалық орталығында Алматы қ. тұрғындары және басқа қалалардан келген пациенттер кардиология, кардиохирургия, аритмология, эндокринология, гастроэнтерология, гепатология, аллергология, иммунология, ревматология бойынша кешенді медициналық тексерілулерден өте алады.