Вакцинадан кейін кейде дене қызуы, бастың ауыруы секілді белгілер болады



Вакцинадан кейін кейде дене қызуы, бастың ауыруы секілді белгілер болады





Вакцинация - инфекциялық аурулардан қорғайтын мықты құрал. Вакцинация жасаудың нәтижесінде адам өзін дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, полиомиелит және т.б. аурулардан қорғайды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Сәуле Қасенованың айтуынша, адам ағзасына инфекциялық қоздырғыштар енгізуге жауап ретінде біздің иммундық жүйе патогендік микроорганизм антигендерімен қосыла отырып, қорғаныс антиденелерді шығарады, оның әрекет етуін азайтады немесе жойдырады.