Лауазымы: кардиология және реабилитация бөлімшесінің меңгерушісі, кардиолог дәрігер, кардиореабилитолог
Бейін: кардиология
Жұмыс өтілі: 2017 жылдан бастап
Білімі және біліктілігі:
2008-2013 – «Жалпы медицина» бакалавриаты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы қаласы
2013-2015 – «Жалпы медицина», «Терапия» интернатурасы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
2015-2017 – «Кардиология» ординатурасы, Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу.
Жұмыс тәжірибесі:
2017 жылдың қазан - желтоқсан аралығында - терапевт дәрігер, №15 қалалық емхана, Алматы
2018-2021 жж. - кардиолог дәрігер, кардиореабилитолог, Қалалық кардиология орталығы, Алматы
2021 жылғы мамырдан қарашаға дейін - Фтизиопульмонология орталығының стационар меңгерушісі, Алматы
2021 жылғы қарашадан наурызға дейін - кардиолог дәрігер, Қалалық кардиология орталығы, Алматы.
Білімді, білікті дәрігер, ақпаратты тез меңгереді, пациенттермен тіл табыса алады. Ол қарапайымдылық, әдептілік сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Медицинаның әр саласынан білімді меңгерген, пациентке психотерапиялық талдау жасау қабілеті бар. Жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының диагностикалық әдістерін, диагностикалау және емдеу мәселелерін терең зерделеген. Әр түрлі терапиялық және кардиологиялық патологиялары бар науқастарды емдеуге арналған жаңа препараттар мен ұсынымдарды меңгерген.