2013 жылдан Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесі қызмет жасайды.


Бөлімше заманауи цифрлық құрылғылармен - сандық жоғары ажыратымдылықтағы эндоскоптармен (HD-сапа) және соңғы буын цифрлық тіректермен жабдықталған.



Эндоскопиялық манипуляциялар амбулаториялық жағдайда жүргізіледі, күрделі процедуралар клиника бөлімшелерінде госпитализациялау кезінде жасалады.



Бөлімше эндоскопиялық диагностикамен және заманауи аз инвазивті технологияларды қолдана отырып емдеумен айналысады. Бұл асқазан мен тоқ ішектің эндоскопиялық полипэктомиясы, асқазан-ішек жолдарының сілемейқабықасты құрылымдарын эндоскопиялық алып тастау, өңеш пен асқазанның варикозды кеңейген тамырларын эндоскопиялық лигирлеу, эндоскопиялық гемостаз (қан кетуді тоқтату).



Амбулаториялық жағдайда және стационарда емделіп жатқан пациенттер асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінің (өңеш, асқазан, он екі елі ішек), эзофагогастродуоденоскопиясын, колоноскопия, бронхоскопия, эндоскопиялық мукозрезекция (эндоскоп арқылы шырышасты қабаттан шырышты қабықтың патологиялық бөлігін алып тастап, ағзаны сақтап қалатын оперативтік араласулар), морфологиялық және цитологиялық зерттеу үшін биопсия алу, хеликобактериоздың  (HP-инфекциялар) экспресс диагностикасын, сондай-ақ жіңішке ішек ауруларын диагностикалаудағы «алтын стандарт» болып табылатын  жіңішке ішектің бейнекапсулалы эндоскопиясын жасай алады. 



Эндоскопиялық диагностика пациентке дер кезінде дұрыс диагноз қоюға және асқазан-ішек жолдары ауруларын ерте деңгейде анықтауға мүмкіндік береді.