Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық-диагностикалық зертханасында биохимиялық, гематологиялық, жалпы клиникалық және иммунологиялық зерттеулер орындалады.
2021 жылы зертхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 212 953 зертханалық зерттеулер жүргізді (2020 жылы – 194 590). Сонымен қатар ақылы зертханалық қызметтер де жүргізілді.
Антитромбоцитарлық терапия көрсетудің көрінісіндегі тромбоциттердің реактивтілігін анықтауға арналған «VerifyNow» жүйесі енгізілді. Зертханалық зерттеулердің жасалу сапасына сыртқы бағалау жүргізіледі.
ҒЗИ зертханалық қызметін дамыту шеңберінде жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалауда жаңа технологияларды енгізу жоспарланып отыр, атап айтқанда AQT90 Flex Иммунофлюоресцентті талдағыш, ол келесідей биомаркерлерді талдауға мүмкіндік береді: тропонин I, тропонин T, креатинкиназаның MB фракциясы, миоглобин (миокард инфарктісінің ерте биохимиялық маркерлері), NT-proBNP (жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық диагностикасындағы жылдам және ақпараттық тесті), прокальцитонин, CRP (ағзадағы жүйелік қабыну процесінің көрсеткіштері), d-димер (тромбоздың маңызды белгісі).