Жыл сайын 31 мамырда Дүниежүзілік темекісіз күні аталып өтіледі. 2022 жылдың ұраны: «Темекі – қоршаған ортаға қауіп».
Темекі индустриясы жыл сайын атмосфераға 84 млн. тонна көміртек бөледі, темекі өнімдерінің өндірісі климатқа және экологияның жойылуына әсер етеді. Темекіні өсіру үнемі жер алқаптарын ұлғайтуды талап етеді, бұл өз кезегінде топырақтың ластануы мен оның химиялық қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі. Темекі шегудің зияны туралы үнемі профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, бұл тақырып әлі де өзектілігін жойған жоқ. Бұл темекі индустриясы сонымен бірге өз өнімін тарату тұрғысынан да белсенді жұмыс жасайтындығымен байланысты.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гаухар Қожакееваның айтуынша, темекі шегу – бұл тек қана жаман әдет емес, қазіргі таңда мамандар оны үлкен жаһандық індет ретінде қарастырады, өйткені жыл сайын 8 млн.адам қайтыс болады, оның ішінде 1 млн. – бұл пассивті темекі шегушілер.
Темекі шегу адам денсаулығына түрлі ауруларды дамыта отырып зиян келтіреді, олар: өкпе обыры, ӨСОА, демікпе және тағы басқа тыныс алу жолдарының, қанайналым жүйесінің аурулары: ЖИА, артериялық гипертония, қан тамыры аурулары және т.б., сондай-ақ адамның өмір сүру сапасы мен еңбекке жарамдылығының төмендеуіне әкеледі, иммундық жүйе, ағзаның инфекциямен күресу қабілетін әлсіретіп, мүгедектілікке әкеледі. Осы барлық факторлар пассивті темекі шегуге де қатысты.
Қазіргі уақытта бір қарағанда кері әсері аз және денсаулыққа зияны болмайды-мыс деген жалған ақпарат беретін түрлі темекі өнімдері шығарылады. Бұл, әрине, миф. Электронды сигарет аэрозолінің құрамында да никотин бар. Оның адам ағзасының жасушаларына кері әсері жоғарыда айтылған нәтижелерге әкелуі әбден мүмкін.
Қазақстанда ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының 2021 жылға берген деректері бойынша 15 және одан жоғары жастағы адамдардың арасында темекі шегудің таралуы 20%-ды, пассивті темекі шегушілердің бағалау деректері бойынша 10,9% - ды құрайды. Жынысы бойынша: ерлер арасында - 77%, әйелдер арасында - 23%, тұрғылықты жері бойынша: ауыл тұрғындары - 19,1%, қалатұрғындары - 17,6%. Жас санаттары бойынша жалпы алғанда біркелкі 26-дан 28%-ға дейін. Оң динамика 18 жастан 28 жасқа дейінгі жастар арасында -8,6% (бұған дейін 18,3%) байқалады.
Қазақстанда бірқатар шаралар қабылданды: 2009 жылдан бастап қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынды, 2011 жылдан бастап темекі қорабындағы суреттер түрінде темекі өнімдерінің зияны туралы графикалық ескертулер енгізілді, 2014 жылы сигареттерге акциздер арттырылды, қазіргі уақытта акциздерді кезекті 300-350 теңгеге дейін көтеру жоспарлануда, сауда орындарының барлығында темекі өнімдерін орналастыруға тыйым салу бойынша шаралар қабылданды, сатуға рұқсат беру жасы 18 жастан 21 жасқа дейін артты. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі темекі өнімдерін реттеуді, оның ішінде темекі өнімдерінің жаңа түрлерін (қыздырылатын темекіден жасалған өнімдер, вейптер) реттеу қарастырылады. «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы 2025 жылға қарай темекіні тұтынуды 19%-ға дейін азайту жөнінде мақсат қойды. ДДҰ сарапшысы А.Бланко Қазақстанға келген кезінде темекі өнімдерін бақылау және пайдалану бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға жоғары баға берді.
Біз темекі шегетін халыққа өз денсаулықтарын, жақын туған-туысқандарының денсаулығын сақтау үшін темекі шегуді тоқтату туралы ойлануын сұраймыз!