А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының ұжымын 75 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!


Орталықтың құрылған күнінен бастап осында хиругиялық дәстүрлер сақталып және жалғасып келеді. Орталықта жоғары санаттағы білікті мамандар еңбек етеді. Сіздер заманауи технологияларды қолдана отырып, халыққа сапалы және қолжетімді емдік-диагностикалық көмек көрсетуге бағытталған, орасан зор еңбек жолын өттіңіздер.



Бүгінгі күні А.Сызғанов ат. Ұлттық ғылыми хирургия орталығы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа елдерде де белгілі болған жетекші медициналық ұйымдардың бірі. Бұл әр қызметкердің тиімді еңбегі мен үнемі өзінің  кәсіби біліктілігін жетілдіруінің арқасында мүмкін болып отыр.



Кез келген елдің денсаулық сақтау жүйесінің табысты даму көрсеткіштерінің бірі хирургия практикасына ағзалар мен тіндердің трансплантациялау технологияларын енгізу болып табылады. Осыған байланысты, трансплантологиялық көмекті дамытуда алғашқы үлкен қадамды сіздер жасадыңыздар. Біздің ондаған, жүздеген, мыңдаған отандастарымыздың өмірі аман сақталып қалды.



Сіздерді осы айтулы күнмен құттықтай отырып, пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтау жолындағы атқарып жүрген еңбектеріңіз жемісті, емдік шараларыңыз шипалы болуына тілектеспіз!




Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Мерейтойларыңыз құтты болсын!