2022 жылғы 9 және 10 маусымда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы қаласы және еліміздің өңірлерінің перфузиолог дәрігерлері үшін «Перфузия және жасанды қанайналым саласындағы инновациялар» тақырыбында семинар мен шеберлік-класс өткізу жоспарланып отыр. Аутотрансфузияны клиникалық қолданудың тереңдетілген курсын Еуропаның перфузия және жасанды қанайналым саласындағы жетекші маманы, доктор Youssef El Dsouki (Франция) өткізеді.
Шеберлік-кластың қатысушыларына перфузия және аутотрансфузия саласындағы инновациялық технологиялар ұсынылатын болады. Перфузиологтар ең жақсы нәтижелерге әкелетін дәлелденген әдістердің көмегімен кардиохирургиялық операциялар кезінде жасанды қанайналым мен қанды басқарудың ең жоғарғы стандарттарын қалай дұрыс қолдануды үйренетін болады.