А.ж. мамыр айынан бастап КІАҒЗИ-да АББ мультитәртіптік командасының 1420 астам маманы қашықтықтан оқытылды


Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ өңірлермен жұмыс жүргізу жөніндегі бөлімі аймақтардағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында пациенттерде созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару бойынша оқыту семинарларын онлайн режимінде өткізу бастады. Тыңдаушылардың білім алудағы жетістіктері бағалана отырып, 5 өңірден мультитәріптік команданың 1424 маманы қашықтықтан оқытылды.



Дәрігерлер мен мультитәртіптік команда мамандарына арналған оқыту семинарлары медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарына 2013 жылы енгізілген Ауруларды басқару бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажетті созылмалы аурулар бойынша аса үздік клиникалық практиканы қабылдауда көмек беруге бағытталған.



Оқыту бағдарламасы медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары, халықаралық сарапшылардың ұсынымдары мен елімізде АББ енгізу бойынша жасалған әзірлемелердің негізінде, сондай-ақ артериялық гипертензия, созылмалы жүрек әлсіздігі, 2 типті қант диабеті бойынша клиникалық хаттамалардың негізінде құрастырылды.



Тыңдаушылар МСАК ұйымдарында АББ енгізудің негізгі технологиялары мен іске асырылу құралдары туралы білім алды.



           АББ біріктірілген күтімді ұсыну жолымен созылмалы аурулардың әсерінің алдын алу және азайту арқылы пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында енгізілді.