Кез келген медицина ұйымының қабылдау бөлімшесі ауруханаға түсетін науқастарды тіркеу, қабылдау, бастапқы қарап-тексеру, антропометрия жасау, санитариялық-гигиеналық өңдеу жұмыстарын жүргізетін және білікті (шұғыл) көмек көрсететін маңызды құрылымдық бөлімше болып табылады.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-на науқастарды емделуге жатқызу жоспарлы түрде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде және Қазақстанның барлық өңірлерінен науқастардың өз беттерінше келуіне қарай шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырылады.
ТМККК шеңберінде пациенттер мамандандырылған медициналық көмек немесе жоғары технологиялық медициналық қызметтер алу үшін Госпитализациялау бюросының порталы арқылы (электрондық пошта мекенжайы: bg.eisz.kz) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мамандарының (МСАК) жолдамасы бойынша ауруханаға жатқызылады.
Пациенттер емделуге кардиологиялық, кардиохирургиялық, ревматологиялық, пульмонологиялық гастроэнтерологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық, аллергологиялық, гематологиялық, кардиореабилитация бейіндері және тамыр хирургиясы бойынша жатқызылады.
МСАК жоспарлы емделуге жолданған пациенттердің ауруханаға емделуге берілген жолдамасы мен тізім бойынша госпитальға дейінгі зерттеулері болуы тиіс.
Қабылдауды жұмыс күндері сағат 08.00 бастап 17.00 дейін кардиолог дәрігерлер жүргізеді. Дәрігер пациентті қарап және қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдағаннан кейін, медицина қызметкері барлық қажетті медициналық құжаттаманы ресімдейді және пациент бейінді бөлімшеге емделуге жіберіледі.
Пациенттердің соңына дейін тексерілмеуі немесе ауруханаға жатқызу кезінде оларда жіті хирургиялық патология, ми қанайналымының жіті бұзылысы, жіті коронарлық синдром, инфекциялық аурулар және т.б. кері көрсеткіштер анықталған болса, ауруханаға жатқызудан бас тартылуы мүмкін.