Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндокринология курсының басшысы, PhD докторы Лаура Даньярова Қазақстанның отбасылық медицина, эндокринология және гинекология саласындағы жетекші мамандарының қатысуымен өткен Дүниежүзілік қалқанша безіне арналған баспасөз конференциясында баяндама жасады.
Спикерлер осы патологияны дер кезінде диагностикалау мен емдеудің маңыздылығын атап өтті.
Қалқанша безі ауруы эндокриндік аурулар арасында таралуы жағынан қант диабетінен кейін екінші орында. Бағалау бойынша, дүние жүзінде 350 млн. адам қалқанша безі ауруына шалдыққан екен. Қазақстанда қалқанша безі эндокриндік патология құрылымында 22,3% құрайды. Әр бесінші қазақстандықта қалқанша безі функциясының бұзылуы бар.
Қалқанша безі ағзаның барлық дерлік жүйелерінің қызмет етуіне әсер ететін өмірлік маңызды гормондарды қанға шығарады және бөледі. Олар мидың, жүректің, бұлшықеттің мен басқа ағзалардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Әйелдер ер адамдарға қарағанда қалқанша безі ауруларына 4-7 есе жиі шалдығады. Қалқанша безі функцияларының бұзылуы жүкті әйелдердің 12%-ында және ЭКҰ-ға дайындалып жүрген әйелдердің 20%-ында кездеседі.
Шараны ұйымдастырушылар, адамдар бақылауға жеңіл аурулардан зардап шекпеуі тиіс, сондықтан мүмкін болатын симптомдар мен олардың зардабы туралы халықтың хабардарлығын арттыруды өздерінің басым міндеті деп есептейді.