Алматыда проф. Денис Андреевтің (Ресей) инсульттің және жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердегі жүрек-қантамыр апатының алдын алу бойынша шеберлік класы өтеді


Кардиологтардың дискуссиялық клубының аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қамқорлығымен 2020 жылғы 22 ақпанда Ramada Almaty қонақ үйінде (Байтурсынов көш., 27) «Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерде инсульт пен тамыр эмболиясының алдын алудың практикалық аспектілері», «Созылмалы жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттердегі жүрек-қантамыр апатының қаупін қалай азайтуға болады» тақырыбында профессор Денис Андреевтің (Ресей) қатысуымен шеберлік класы өткізіледі.

    Шеберлік класс шеңберінде жүрекше фибрилляциясы және артериялардың мультифокальдық атеросклеротикалық зақымдануы бар коморбидті пациенттерді емдеп қарауды оңтайландырудың клиникалық кейстері талданатын болады.

    Алматы қаласының және еліміздің оңтүстік аймақтарынан келген кардиологтар мен терапевтер өздеріне қажетті барлық сұрақтарға жауап ала алады.

И.Сеченев атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетінің дәрігерлерге жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру факультетінің профилактикалық және шұғыл кардиология кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Денис Андреев Ресейлік кардиологтар ғылыми қоғамының, Ресейлік жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі мамандар қоғамының және Жүрек қызметінің жетіспеушілігі жөніндегі Еуропалық қауымдастықтың мүшесі.