Микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігі бактериялық инфекцияға шалдыққан пациенттерді тиімді емдеуге кедергі жасай алатын денсаулық сақтаудың күрделі проблемасы болып отыр. 150-ден астам түрлі бактерияға қарсы препараттардың болуына қарамастан, адам микроорганизмдердің полирезистентті штамдарынан болатын инфекциядан өліп кетуі мүмкін. Антибиотикке төзімділіктің дамуы бактерияға қарсы препараттардың дұрыс тағайындалмауы мен қолдануының нәтижесі болып табылатындығы белгілі.
Антибиотикке төзімділіктің дамуына келесідей факторлар:
- кең спектрлі антибиотиктер мен бактерияға қарсы препараттардың тиімсіз дозаларын қолдану, бұл жағдайда тар спектрлі әрекет ететін антибиотиктерді де тиімді қолдануға болады.
- бактерияға қарсы терапияның ұзақ курстарын тағайындау;
- вирустық инфекцияларды және емдеусіз өздігінен кететін инфекцияларды емдеу үшін бактерияға қарсы препараттарды қолдану.
Бактерияға қарсы препараттар микроорганизмдерге тән метаболикалық процесті тежеудің нәтижесінде инфекциялық аурудың қоздырғышының өмірлік белсенділігін тежейді. Тежеу антибиотикті нысаналы байланыстырудың нәтижесінде пайда болады, ол микроорганизмнің ферменті немесе құрылымдық молекуласы болуы мүмкін. Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі табиғи және жүре пайда болуы мүмкін.
Табиғи тұрақтылық микроорганизмдерде антибиотиктің әсерінің болмауымен немесе өткізгіштігінің төмен болуына байланысты нысананың қолжетімсіздігімен сипатталады. Бактерияда табиғи тұрақтылықтың болған жағдайында антибиотиктер клиникалық жағынан тиімсіз. Табиғи төзімділік жеңіл болжанады.
Жүре пайда болған тұрақтылық бактериялардың жеке штамдарының микробтық популяцияның негізгі бөлігін басатын антибиотиктердің концентрациясындағы өміршеңдігін сақтап қалу дегенді білдіреді. Микробтық популяцияның көп бөлігі жүре пайда болған тұрақтылықты көрсететін жағдайлардың болуы мүмкін.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық фармакологы Ажар Тәңірбергеннің айтуынша, қазіргі уақытта жүргізілетін зерттеулер антибиотиктердің негізсіз, кең және жеткіліксіз қолдануы мен микроорганизмдердің нозокомиалдық штамдарында (ауруханалық инфекция) антибиотикорезистенттіліктің дамуы арасындағы байланысты дәлелдеді.
- антибиотиктерге төзімділік ауруханадан тыс инфекциялардан туындайтын штамдарға қарағанда микроорганизмдердің нозокомиалдық штамдары арасында кеңірек таралған;
- ауруханада қабылдайтын бактерияға қарсы терапияның ұзақтығының арттыруына байланысты, пациентте микроорганизмдердің антибиотикке төзімділік штамдарының колонизациялау (микробтардың көбеюі) мүмкіндігі арта түседі.
-бактерияға қарсы препараттардың оңтайсыз дозаларын тағайындау микроорганизмдердің антибиотикке төзімділік штамдарнан пайда болған суперинфекцияның даму қаупін арттырады.
Антибиотикке төзімділіктің дамуы – бұл қайтымсыз процесс, бірақ антибиотиктерді тиімді пайдалану антибиотикке төзімділік деңгейінің өсуін тежеуге мүмкіндік береді.
Халықтың антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша ғана пайдалану, медицина қызметкерінің ұсынымдарын орындау, медицина қызметкерінің антибиотиктерді тиімді тағайындау туралы хабардар болуы, сонымен қатар микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықтың таралуын азайтуға және шектеуге мүмкіндік береді.
Микробқа қарсы препараттарға өте мұқият қарап және оларды аса жоғары сақтықпен қолдану маңызды.