Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында коронавирустық инфекцияның карантині кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде басталған «Біз біргеміз!» бірыңғай республикалық акциясы қазақстандықтардың ынтымақтастығы мен бірлігін көрсеткендігін айта кеткен жөн.
Жалпы республикалық өзара көмек көрсету акциясы – ізгілік пен мейірімділік эстафетасының мақсаты халықтардың бірлігінің нышаны болған Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу мақсатымен сәйкес келеді.
Тарихи оқиғалардың еркімен түрлі ұлттар мен этникалық топтардың өкілдері үшін Қазақстан туған үйіндей болып кетті. Еліміздің тарихы аштықты, күйзелісті және мыңдаған қоныс аударушылардың тығырыққа тірелгенін ұмыта алмайды. Халқымыз елімізден пана іздеп келгендерді бауырына басып, төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліп жеді. Ынтымақтастық пен келісім – бұл біздің халық тіпті ең ауыр жылдары да сақтай білген құндылықтар.
1 мамыр біздің көпұлтты республикамыз үшін бейбітшілік пен достықтың бейнесі, күнделікті еңбегімен болашақтың дамуына, отбасы мен жалпы елдің өркендеуіне атсалысып жатқан барлығымыз үшін үлкен мереке. Сонымен қатар, 1 мамыр – көктемгі жаңарудың, жарқын үміттердің, жасампаздықтың, ізгілік пен әділеттіліктің символы.
Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, денсаулық, барлық жақсы істеріңіз бен жаңа бастамаларыңызға табыс пен сәттілік, туған-туысқандарыңызға амандық тілейміз!
Біз бірігіп барлық қиындықтарды жеңіп және ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының жаңа даму кезеңіне абыроймен шығатындығымызға сенімдіміз.
Бiз бiргемiз!
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ұжымы