Бүгін біз Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылыстары бөлімшесінің меңгерушісі Роин Реквава туралы айтқымыз келеді.


Жоғары білікті кардиолог дәрігер, аритмолог, электрофизиолог Роин Роинович Тбилиси мемлекеттік медицина университеті емдеу факультетінің түлегі (1998-2004 ж.). Ол Мәскеу қаласындағы. А.Бакулев ат. жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығында ординатура мен аспирантураны аяқтаған  (2004-2010 ж.).



2010 жылдан 2011 жылға дейін кардиология, онкология, трансплантология, неврология және нейрохирургия саласындағы жетістіктерімен белгілі Атланта қаласындағы Емори университетінің клиникасында (АҚШ, Джорджия штаты) клиникалық жүрек электрфизиологиясы бойынша обзервершип өтті. Тбилиси қаласындағы ұлттық рейтингтегі ең үздік 5 университеттің қатарына кіретін, Грузиядағы алдыңғы қатарғы жоғары оқу орындарының бірі болып табылатын Давид Твилдиани ат. медицина университетінде кардиология бойынша докторантураны (PHD)  бітірді.



2017 жылдан бастап Роин Реквава Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Түркия, Моңғолия, Египет және Иран секілді елдер кірген Жібек жолы елдерінің жүрек ырғағы қоғамын басқарады.



Ол 35-тен астам басылымдардың авторы.



Роин Реквава жоғары шеберлік, құзыреттілік секілді кәсіби біліктілігімен және  жауапкершілік, жанашырлық, еңбекқорлық сияқты мінезімен ерекшелінеді.



Осындай жоғары білікті мамандардың болуы, заманауи материалдық-техникалық жабдықталуы  Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмологиялық интервенциялық араласуларды көрсету бойынша жетекші орталықтардың бірі болуына мүмкіндік берді.