Бүгін біз сіздерді қабылдау бөлімшесінің бас мейіргері Камшат Кабуловамен таныстырамыз


Ол өзгеге жанашырлықпен қарап, өз жұмысын адал орындайды, жауапкершілік және еңбекқорлық сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді.



Институтта 12 жылдан астам жұмыс істейді.



ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Клиника басшылығы 2020 жылы Камшатқа «Жыл маманы» сертификатын табыстады.



Біз өз қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз!