Ирада Магарамовна 2015 жылы Бішкек қаласындағы Б.Ельцин ат.Қырғыз-Ресей Славян университетінің медицина факультетін бітірген.
2015 жылдан 2017 жылға дейін Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық кардиология медициналық зерттеулер орталығындағы кардиология бойынша клиникалық ординатурасында білім алып, кардиологиялық науқастарды емдеп қарау саласында мол тәжірибе мен терең білім алды. Кейіннен осында эхокардиография және стресс-эхокардиография бойынша сертификациялық курсын аяқтады. 2017 жылы Мәскеу қаласында Ресей Федералдық медициналық-биологиялық агенттігінің Біліктілікті арттыру институтының №85 клиникалық аурухана базасында функционалдық дианостика бойынша кәсіби қайта дайярлықтан өтті. Курстарды аяқтағаннан кейін Мәскеуде И.Давыдовский атындағы №23 қалалық клиникалық ауруханасының кардиология бөлімшесінде кардиолог болып қызмет жасады.
Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 2018 жылдан бастап рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінде кардиолог болып еңбек етіп келеді. Ирада Магарамовна жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, өкпе гипертензиясы, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары, созылмалы жүрек жетіспеушілігі бар пациенттерді емдеп-қарау, пациенттерді коронарлық шунттау жүргізгенге дейін және кейін дайындау, емдеп-қарау, жүрек қақпақшаларын протездеу саласында білімді толық меңгерген. Эхокардиография (жүректің ультрадыбыстық зерттеуі), тәуліктік ЭКГ холтерлік мониторлауы, артериялық қан қысымын тәулік бойы мониторлау тәсілдерін меңгерген.
Шеберлік-кластарға қатысып, өзінің біліктілігін арттырып, үнемі білімін жетілдіріп отырады.
Өзін білімді, жауапкершілігі мол маман ретінде көрсетті.