Ол 2013 жылы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Алматы қ. Медицина колледжін аяқтағаннан кейін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еңбек жолын бастады. Содан бері 7 жыл бойы осы ұжымда еңбек етіп келеді. Раушан Мухажанкызына бірінші біліктілік санаты берілді.
Ол ауыр жүрек аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, теориялық білім деңгейін жоғарылату, практикалық дағдылары мен шеберлігін жетілдіру үшін өзінің біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады.
Бұл маман кәсіби біліктілік, жоғары жауапкершілік, жұмысқа деген зор қабілеттілік, күйзеліске төзімділік, жылдам шешім қабылдай білу, шыдамдылық секілді қасиеттерімен ерекшелінеді. Ол әр пациентке мейірмен, жанашырлықпен қарайды. Жас мейіргерлер буыны оны үлгі тұтады.