Ер адамдар әйел әріптестерін жылдың ең шуақты және ең әдемі мерекесімен құттықтай отырып, ізгі тілектерін білдірді, оларға арнап өлең оқылды, жылы лебіздер мен ән айтылды.
Ұжымдағы ер адамдар ұйымдастырған мерекелік концертте белгілі қазақстандық әнші Құдайберген Бекіш пен аспаптық дуэт өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның соңында барлық әйелдерге көктем мен нәзіктіктің символы - қызғалдақ сыйланды.