Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері қан тапсырды.


Ұжым жыл сайын ерікті түрде қан тапсыруға қолдау көрсететін акцияларға белсенді қатысады. Көптеген қызметкерлер тұрақты түрде қан тапсырып тұрады.



Мұндай акцияларға қатысу ондаған, жүздеген және мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.



Қан тапсырған әріптестерімізге ризашылығымызды білдіреміз.