Бүгін Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні


Жыл сайын әлемде қарашаның әр үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні атап өтіледі. 2022 жылы бұл күн 17 қарашада атап өтіледі.



Темекі өнімдері адам денсаулығына кері әсер ететіні белгілі. Тыныс алу органдарының, қанайналым жүйесінің және басқа органдардың ауруларының даму себептерінің бірі темекі шегу екендігі дәлелденген.



2003 жылы қабылданған темекіге қарсы күрес жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Шекті конвенцияның негізгі ережелері: қазіргі және болашақ ұрпақты адамдардың денсаулығы үшін жойқын зардаптардан, сондай-ақ темекі тұтынудың таралуын және темекі түтінінің әсерін азайту арқылы оны тұтынудың әлеуметтік, экологиялық және экономикалық зардаптарынан қорғау болып табылады.



Конвенцияның қағидаттарына сәйкес: «Әрбір адам темекіні пайдалану және темекі түтінінің әсері салдарынан денсаулыққа тигізетін зардаптары, есірткі сипаты және қауіптілігі туралы хабардар болуы тиіс. Осыған байланысты адамдарды темекі түтінінің әсерінен қорғау үшін тиісті деңгейде заңнамалық, атқарушы, әкімшілік және өзге де шаралар қарастырылуда.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гаухар Қожакееваның айтуынша, темекі шегу бірқатар ауыр созылмалы аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың дамуына әкеліп соғады. ДДҰ мәліметтері бойынша: әлемде өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болғандардың 90%-ы, созылмалы бронхиттен 75%-ы және жүректің ишемиялық ауруынан 25%-ы темекі шегуден болады. Планетада әр он секунд сайын бір темекі шегуші қайтыс болады және болжамдар көңіл көншітпейді, өйткені темекі өнімдерін өндірушілер саланы дамытудың жаңа жолдарын ойлап табуда.



Жаман әдеттерден бас тарту - бұл Сіздің денсаулығыңызға ғана емес, айналаңыздағы адамдардың игілігі үшін де пайдалы. Темекі шегудің зияны тек темекі шегушіге ғана емес, сонымен бірге онымен үнемі байланыста болатын жақын туыстарына да әсер етеді.



Құрамында әртүрлі зиянды заттар бар темекі түтіні жүрек соғу жиілігінің жоғарылауын, жүрек қызметінің бұзылуын, жөтелді және тұншығуды тудыруы мүмкін, темекі шегетін жүкті әйелдер үшін өздігінен түсік түсу қаупі артады, бала туу қабілеті төмендейді, депрессиялық жағдай дамиды, жұмыс қабілеті төмендейді.



Темекі шегу ағзаға кері әсер етеді және адамның физикалық және психологиялық денсаулығына орны толмас зиян келтіреді. Экономикалық зиянды атап өткен жөн, өйткені бұл темекі шегушінің де, оның отбасының да бюджетіне қатты әсер етеді.



Медицина қызметкерлерінің, ДДҰ-ның темекі шегуден бас тарту жөніндегі ұсыныстарын тыңдап, дені сау, ұзақ өмір сүру жолын таңдауға шақырамыз!